Алматы облысында әкесі мен төрт баласы қаза тапты. Полиция себебін атады
4 мамыр сағат 16:00 шамасында Қарасай ауданының ПБ-ге Көлащы ауылында 6 адам белгісіз затпен уланғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1984 жылғы ер адам және 2008, 2010, 2013 және 2018 жылғы төрт бала қаза болды. 1985 жылғы әйел Шамалған ауылындағы ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, тергеудің толықтығы үшін Алматы облысының ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭҚ шақырылды. Түпкілікті шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша қабылданады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қабылдау басталды
Келесі жаңалық
«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Өзгелердің жаңалығы