Алматы облысында АИТВ инфекциясын жұқтырған 247 жағдай тіркелген

Қазіргі таңда облыста 2 536 адам диспансерлік есепте тұр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

АРТ-ты қабылдайтын науқастардың вирус жүктемесі анықталмайды. Соның арқасында соңғы екі жылда анадан балаға АИТВ жұғу жағдайлары тіркелмеді. Жыл басынан бері облыста АИТВ инфекциясының 247 жаңа жағдайы тіркелген. Жұқтырудың негізгі жолы – жыныстық қатынас, ал ең көп таралуы 30-49 жас аралығындағы азаматтар арасында байқалады. Қазіргі таңда облыста 2 536 адам диспансерлік есепте тұр. Оның ішінде 2 435 адам антиретровирустық терапия қабылдап жатыр, емдеудің тиімділігі 91%,- дейді орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ляззат Абдукаримова.

АИТВ туралы көбірек білу және тегін тест тапсыру үшін облыстың келесі мекемелеріне жүгінуге болады:

Іле ауданы: 29 қарашада аудандық медициналық ұйымдарда;
Талғар ауданы: 21 қараша, медициналық орталықтар мен серіктес ұйымдарда;

Еңбекшіқазақ ауданы: 25 қараша, колледждер мен арнайы ашық іс-шараларда. Сонымен қатар, АИТВ тестілеуін Алматы мен Қонаев қалаларындағы Достық кабинеттерінде өтуге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы