Алматы облысында ақылы жолдар іске қосылды

Астана, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Алматы – Қапшағай және Алматы – Қорғас бағытындағы автокөлік жолы жолаушыларға ақылы қызмет көрсетеді.

Енді жүргізушілер Алматы қаласынан Қапшағай қаласына дейінгі 42 шақырым жолды жүріп өткені үшін төлемақы қабылдау жүйесіне қолма-қол 200 теңге көлемінде ақы төлейді. Ал төлемақыны алдын ала төлеу арқылы жүзеге асырған жағдайда жол құны – 100 теңге. Бұл төлем жүйесі Алматы қаласы мен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық орталығы аумағына алдын ала төлем 300 теңгені құрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы