Алматы облысында 99 га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
АШМ ЖРБК Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті ауданы 99 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл шешім осы учаскенің мақсатты пайдаланылмауына байланысты болды.
Тексеру барысында Іле ауданының аумағында жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін оның мақсатына сәйкес пайдаланбайтыны және оның орнына пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатыны анықталды.
Кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салынды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Сотқа дейінгі реттеу процесінде ЖШС пайдаланылмаған жер учаскесін мемлекеттік жер қорына өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
5 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі ұзарды
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы