Алматы облысында 7-сынып оқушысы зорланды

Алматы облысы Жамбыл ауданының Карғалы ауылында полиция 7-сынып оқушысын зорлаған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аудандық Білім бөлімі берген мәліметке сәйкес, оқиға жеке үйде, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған. Мектеп директоры жағдай туралы естісімен бірден құқық қорғау органдарына хабарлаған.

ҚР ҚК 124-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жағдайды толық анықтау үшін барлық қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Мектеп оқушыларына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккен қызға облыстық психологиялық қолдау орталығы көмек көрсетіп жатыр, - делінген полиция хабарламасында.

Құқық қорғаушылар ҚР ҚК 274-бабы бойынша алдын ала жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы