Алматы облысында 680 мыңға жуық тұрғын екпе алды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында вирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 1,1%-дан 0,9%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Жетісу медиа хабарлады.
Дегенмен эпидахуал әлі де күрделі. Өңірде өткен тәулікте 359 адам коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Оның ішінде 304 жағдайы симптомды болса, 55-інде ауру белгілері байқалмаған.
Қазіргі таңда 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2023,2 құрады. Облыс көлемінде КВИ көп таралған аймақтарға Талдықорған, Текелі қаласы мен Талғар, Панфилов, Қарасай, Алакөл, Жамбыл аудандары жатады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Алматы облысының 670 932 тұрғыны екпенің бірінші бөлігін алған. Вакцина салғызғандардың ішінде педагогтар - 39 437, медицина мамандары - 23 684, мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері – 21 361 көш бастап тұр. Ал ІІ компонентті өңір халқының 546 479-ы қабылдады.
Естеріңізге саламыз, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін облыс халқының 1 млн 100 адамы екпе алуы қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биылдан бастап білім беру мекемелерінің жанында полиция жасағының саны артады – Мұратәлиев
Келесі жаңалық
Үш күн ішінде ұрланған 900-ден астам мал иелеріне қайтарылды
Өзгелердің жаңалығы