Алматы облысында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Алматы, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы обылсындағы Балпық би ауылында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Аудан әкімі 60 отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Жаңа қоныстанушылар арасында көп балалы аналар, мүгедектер, толық емес отбасылар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Балпық би көшесіндегі жаңа бес қабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды.

Бұл үйді біз «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тапсырамыз. Біздің міндетіміз - халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Жаңа пәтер иелеріне шаңырақтарына жайлылық пен жылулық тілеймін. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысының қарқыны артты, бұл жұмыстар жалғасатын болады- дейді Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ.

Қоныс тойын тойлап, қуанып жатқан жандардың бірі Анар Князбекова.

Менің бақытымда шек жоқ. Қолдау жасаған үшін мемлекетке рахмет. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын, - деді А. Князбекова.

Тәуелсіздіктің соңғы отыз жылында Көксу ауданында 105 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, мыңнан астам азамат тұрғын үй жағдайын жақсартты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы