Алматы облысында 6 айлық сәбиден вирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олардың 10-ы – Іле, 1-еуі – Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Белгілі болғандай, Іле ауданында ауырғандардың барлығы да бұған дейін сырқаттанғандармен тығыз қарым-қатынаста болған. 

Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының сырқаты учаскелік дәрігерді үйге шақырып, тексерілгеннен кейін анықталған. Ауырған - 6 айлық бала. Сырқаттармен қарым-қатынаста болған барлығы 44 адам анықталды, олардың барлығы да оқшауландырылды, бірқатары үй карантиніне алынды, вирус шыққан үй ошақтары, науқастар тұратын подъездерге дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде.  

Бүгінгі күні Алматы облысында барлығы коронавирустың 97 жағдайы тіркелді.  
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы