6 Қыркүйек 2025 2025, 22:27 Фото: pixabay

Алматы облысында 50 тұрғын үй өрттен аман қалды

Алматы облысында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп, жалпы жану аумағы шамамен 7 гектарды құрады.

Алматы облысында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп, жалпы жану аумағы шамамен 7 гектарды құрады. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау толықтай сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, өрттің тұрғын үйлерге таралуына жол берілмей, 50 үй аман сақталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге шамамен 40 құтқарушы, 9 арнайы техника және «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Әуе кемесі жалпы көлемі 36 тонна болатын 12 рет су төкті. Соның нәтижесінде өрт жедел ауыздықталып, жану қарқыны айтарлықтай төмендетілді.