Алматы облысында 5 адам қар құрсауынан құтқарылды
Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Сарқан ауданында жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. ТЖД қызметкерлері автокөлік ішінде болған 5 адамды қауіпсіз жерге жеткізді.
Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Кеше Алматы облысы ТЖД күшімен адамдарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстары ұйымдастырылған.
Авариялық-құтқару операциясы Сарқан ауданында Матай ауылынан 40 шақырым жерде жүргізілді. Онда келіп түскен ақпаратқа сәйкес 27 қаңтарда сағат 17.40-та жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Автокөлік ішінде болған 5 азамат эвакуацияға мұқтаж болды. Жедел деректерге сәйкес, түнгі сағат 24.00 шамасында Алматы облысы ТЖД 4 қызметкері 1 бірлік техниканың көмегімен жоғарыда аталған аймақта қалған барлық азаматты Матай ауылына эвакуациялады. Олардың ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді, - делінген хабарламада.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан елді мекеннен шыққан кезде сақтық ережелерін сақтауға шақырады.
Алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысу, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізу, қысылтаяң жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті затты өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады.
Darmen мобильді қосымшасы сізге жолдардың жабылуы және дауылды ескерту туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны 112.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СІМ-де инвестициялар мәселелері талқыланды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы