Алматы облысында 400 жұмыс орны ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желтоқсан айында Тұңғыш президент күніне және тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы облысында жалпы саны 36 жаңа нысан ашу жоспарланған, соның нәтижесінде 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Аталған 36 нысанның он екісі 1 желтоқсанда, ал қалғаны 16 желтоқсанға жақын есігін ашады. Олардың қатарында медицина, білім беру, мәдениет, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларының нысандары мен тұрғын үйлер бар, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.1 желтоқсан қарсаңында Кербұлақ ауданында жалға берілетін тұрғын үйлер, Жамбыл ауданы Тарғап ауылында, Ұйғыр ауданының Қалжат ауылында дәрігерлік амбулаториялар, Іле ауданында 3 бірдей балабақша іске қосылады.
Мереке қарсаңында Қарасай ауданы Көкөзек ауылында орналасқан сэндвич-панельдер мен пішінді төсеніштер шығаратын зауыты өз жұмысын бастамақ. Нысанның жобалық құны – 110 млн теңге.
Сондай-ақ, Көксу ауданында 200 басқа арналған мал бордақылау алаңы, шаруа қожалығының базасында ашылатын 200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы, Сарқан қаласындағы 150 басқа лайықталған мал бордақылау алаңы ашылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақпараттық-кеңестік қызмет жобасы қорытындыланды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы