Алматы облысында 4 жасар бала өзенге батып кетті

Төрт жасар бала Алматы облысындағы Қаскелең өзеніне батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға 10 қыркүйекте Қарасай ауданындағы Жібек Жолы станциясының маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, бала судың жанында ойнап, абайсызда өзенге құлап кеткен.

Алты құтқарушы баланы іздеуге кірісіп, сағат 17:45 - те баланың денесі табылып, судан шығарылды. Мәйіт сот-медициналық сараптама жүргізу мақсатында Қарасай ауданының мәйітханасына тасымалдау үшін полиция қызметкерлеріне берілді, - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, елде жыл басынан бері 182 адам суға батып кетті, оның 54 - і балалар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы облысы ТЖД
Өзгелердің жаңалығы