Алматы облысында 14,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысында 30 жыл ішінде 14,5 млн шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.
Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы аясындағы Алматы облысын дамыту туралы баяндамасын қалың көпшілік назарына ұсынған өңір басшысы Алматы облысында 30 жыл ішінде 14,5 млн шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлердің пайдалануға берілгенін айтып өтті.
Оңың сөзінше, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бір миллион шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отырса, оның 835,4 мың шаршы метрі пайдалануға берілген.
Бүгінгі күні 1824 пәтерлік 271 тұрғын үйге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, оның 741 пәтерлік 121-і пайдалануға беріліп, жеке құрылыс салушы мамандарға 952 пәтерлік 13 үй ұсынылған. Айта кету керек, бүгінде 1307 отбасы баспаналы болса, оның 327-і көп балалы және әлеуметтік осал топтағы отбасы, - деді Амандық Баталов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев жұмыс сапарымен Ыстамбұлға барды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы