Алматы облысында 3,1 млн теңге сомасында пара алған аурухана басшылығы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының басшысы, екі орынбасары және екі мейірбике коронавирусқа қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуге рұқсат беруді қамтамасыз еткені үшін қарамағындағы 25 медицина қызметкерінен жалпы сомасы 3,1 млн теңгеге жүйелі пара алуда әшкереленді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.
Аурухананың осы бөлігіндегі жұмыс медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстемақы алуға мүмкіндік берген. Пара сомасы әрқайсысынан 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Сонымен қатар, бұл жалғыз факт емес. Агенттік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында медицина қызметкерлеріне үстемеақыны мақсатты жұмсау мәселелерін ерекше бақылауда ұстайды және тұрақты негізде тексерулер жүргізеді, - делінген хабарламада.
Нәтижесінде тәуекел тобына жатпайтын адамдарға үстемақы есептеу, қызметкерлерді неғұрлым жоғары тәуекел тобына жатқызу, жұмыс істеген сағаттарды тіркеу және басшылардың қол астындағылардан қамқорлығы үшін ақы алу фактілері анықталды. Биыл үстемеақы алу үшін ковидтік карточкаларға қол қоюға жоғары тұрған бастықтарға беру сылтауымен пара алу схемасын ұйымдастырған Қостанай облысында Қамысты жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының фельдшері анықталды.
Фельдшерлер 103 пультіне жалған қоңыраулар шалып, науқастарға бару туралы жалған есептер шығарғаны анықталды. Мұның бәрі медицина қызметкерлері мен жүргізушілерге қосымша төлемдер алуға мүмкіндік берді, ол қаражаттың бір бөлігі қолма-қол ақшамен және банк картасына аудару арқылы фельдшерлерге берілген. 2020 жылы 7 өңірде медициналық ұйымдардың лауазымды тұлғалары тарапынан медициналық жәрдемақыларды төлеу кезінде заңсыз іс-әрекет фактілері анықталды, залал сомасы 60 млн теңгені құрайды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.