26 Қаңтар 2023 2023, 09:09
Алматы облысында 25 градус аяз болады
Қазгидромет еліміз аймақтарындағы 2023 жылғы 26 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазгидромет еліміз аймақтарындағы 2023 жылғы 26 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еліміздің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлері жоғары атмосфералық қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Басқа аймақтар атмосфералық бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді, батыста және оңтүстікте – тұман түседі.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында 25 градус қатты аяз болжанып отыр.