Алматы облысында 2026 жылға дейін 10 ірі жылыжай іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарықты толтыру шаралары көзделіп отыр. Бұл ретте жылыжайлар мен құс фабрикаларының саны артып, өнім ауқымы көбейтіледі, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, көкөністерді жыл бойы өндіруге көшу үшін 2026 жылға дейін 45 гектар жерде 10 ірі жылыжай шаруашылығын іске қосу жоспарланған. Олардың жалпы өндірістік қуаты 25 мың тонна болмақ. Бұл көкөніс өсірудің жалпы көлемін 2 есеге ұлғайып, 500-ден астам жұмыс орны ашуға мүмкіндік береді.  

Алматы облысы құс етін өндірудегі бәсекелестікте басымдыққа ие, яғни республика нарығы көлемінің 32% облыстың үлесінде. Бұл бағытта импорт алмасу міндеті аясында екі құс фабрикасы салынып, біреуінің іргесі кеңейтіледі, атап айтқанда бұлар - «Прима Кус», «Каусар-Агро», «OTAN GreenFood» фабрикалары. Олардың жылдық жалпы қуаты 76 мың тонна, инвестиция көлемі 85 млрд. теңге, ал құрылатын жұмыс орындарының саны 1100 болады деп межеленуде. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы