Алматы облысында 18 жаңа медициналық нысан халық игілігіне беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында биыл 18 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынып, халық игілігіне беріледі. Оның ішінде перзентхана, емхана, патологоанатомиялық бөлімше, дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараттары да бар. Бұл туралы 24kz хабарлады.

Бұл мақсатқа республикалық бюджет есебінен 5 жарым млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жетісу өңірінде қазір 8 медицина мекемесі күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ал жаңадан салынатын нысандардың қатарына Панфилов ауданындағы Пенжім ауылдық дәрігерлік амбулаториясы енді. Оның құрылысы басталып та кетті. Бір мезгілде 50 адамға қызмет көрсететін бұл жаңа ғимараттың ішінде 4 орындық күндізгі сатционар болады. Әр дәрігер келуішілерді жеке кабинетінде қабылдайды. Гаражы, сондай-ақ сұйық отынмен жылытылатын автономды орталығы да салынып жатыр. Амбулатория қыркүйек айында пайдалануға берілуі тиіс.
Қазір осы жерде 17 бала жұмыс жасап жатыр. Фундаменті бітуге таяу. Жұмыс бәрі материалмен қамтылған. Техникамыз бар, адам саны жетерлік. Келесі жетіде кірпіш қалана бастайды. 19 қыркүйекте өткіземіз, - деп хабарлады жауапты мердігер компания өкілі Есенгелді Арынов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы