Алматы облысында 127 мыңнан астам адам тұмау жұқтырған
Жоғарғы тыныс алу жолдарының респираторлық вирусты инфекциясы бар науқастардың 65 пайызы 14 жасқа дейінгі бала, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда бұл сырқатқа шалдығу көрсеткішінің 23,9 пайызға төмендегені байқалады. Эпидемиологиялық қадағалау барысында респираторлық вирустың аденовирус, парагрипп түрлері анықталды.
Зертханалық зерттеулер қорытындысына сәйкес, алдағы уақытта A типті тұмау вирусы басым болуы мүмкін деген болжам бар, - дейді мамандар.
Тұмау облыс орталығы Қонаев қаласында да өршіп тұр. Қалалық ауруханаға күніне жүзден астам адам қаралады.
ЖРВИ-да көбінесе құрғақ жөтелмен мұрын біту белгілері болады. Алдын алу шаралары мынадай: қолды антисептикпен бүркіп, көп жылы су ішкен жөн, адамдар көп шоғырланатын жерде жүрмеу керек. Ауырып жүрген адамдар маска тағып жүруі керек. Оксалин майын жағып, профилактика ретінде витаминдер ішіп жүруі керек, - деді дәрігер-инфекционист Асылбек Берікбаев.