Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен жасөспірім ұсталды
Желіде Алматы облысының Ынтымақ ауылында 12 жастағы қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті – кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түріндегі шара қолданылды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полиция.
Сонымен қатар күдіктінің заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полиция аталған істің тергеу барысы облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы уақытта доллар бағамы қандай болады? – сарапшы пікірі
Келесі жаңалық
БҰҰ: 2025 жылы Ливаннан 378 мың сириялық еліне оралды
Өзгелердің жаңалығы