Алматы облысында 12 тонна контрабандалық жүк жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жойылған тауарлардың басым бөлігі - темекі бұйымдары мен бұрын қолданыста болған автокөлік шиналары.

Әкелуге тыйым салынған және жойылуға жататын жүкті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері уақытша сақтауға орналастырылған ұсталған (контрабандалық) тауарларды түгендеу іс-шаралары нәтижесінде анықтады. Оны жою туралы шешім қабылданды.

Биыл шілде айында Алматы облысы бойынша МКД заңсыз контрабандалық жолмен алып өтпек болған Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған бұрын ұсталған тауарларды жою жұмыстарын жүргізді.

Хаттамадан кейін 12 тонна көлемінде барлық жүк "Қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық оператор" ЖШС аумағында жойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы