Алматы облысында 11 ауланы су басып қалды

Бүгін сағат 16:30-да Алғабас ауылдық округінің Жаңаталап ауылында жауын-шашынның көп түсуі салдарынан жергілікті маңызы бар Алматы – Алғабас автокөлік жолының жиегі жартылай шайылып, 11 үй ауласынан ағын су жүріп өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы автожол бойынша көлік арқылы жол жүру тоқтатылған жоқ. Жылдамдық режимін реттеу мақсатында ТЖ орын алған жерже жергілікті полиция қызметі орналасқан, - деп жазыд Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомствоның хабарлауынша, қазір су деңгейі төмендеген, су басу қаупі жоқ.

Зардап шеккендер жоқ. Жағдай бақылауда, - деп жазылған хабарламада.

Көшелер мен аула аумақтарынан суды сору және бұру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-дан 52 қызметкер және 23 бірлік техника, оның ішінде 15 мотопомпалар жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы