19 Мамыр 2023 2023, 22:29 Фото: egemen.kz

Алматы облысында 10 оқушы астан уланып, ауруханаға түсті

Алматы облысында 10 оқушы астан уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысында 10 оқушы астан уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 мамыр күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына 10 оқушы астан уланып түскен.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Байтерек ауылындағы мектептің 5-ші сынып оқушылары. Балаларға барлық медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден өткен.

7 баланың жағдайы тұрақты, олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Ал қалған 3 оқушы инфекциялық бөлімшеге жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты, - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.