Алматы облысы: Сарыөзек кенті карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылы 18 сәуірде сағат 00:00-ден бастап, 1 мамырға дейін карантинге жабылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, Сарыөзекте карантин вирус жұқтыру жағдайлары тіркелгені себепті, инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген.

Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, Сарыөзекте карантин вирус жұқтыру жағдайлары тіркелгені себепті, инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген.

Өңірде қауіпті инфекция таралуының алдын алу үшін ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Ешкеновтің қаулысы қабылданған. Онда Сарыөзек ауылы мен барша Кербұлақ ауданы бойынша қозғалысты шектеу және санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейту туралы атап көрсетілген.
Қаулы талаптарына сәйкес Сарыөзек тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынады. Бір отбасыдан тек бір адамға ғана күніне бір рет азық-түлікке, дәріханаға, бірінші кезектегі қажеттіліктер алуға шығуына рұқсат етіледі.

Карантин режимін бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы