Алматы облысы: Қосқұдық ауылындағы 30 үйдің ауласын су басып қалды
Алматы облысы: Қосқұдық ауылындағы 30 үйдің ауласын су басып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысының Қосқұдық ауылында температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың мол еруі және Косқұдық ауылының солтүстік-батыс бөлігінен егістіктер мен жазық жерлерден еріген қар суы ағып келді. Нәтижесінде Түрксіб көшесінде 5 аула аумағы су астында қалды, бұл осы көшедегі 30 тұрғын үй.
ТЖД және ЖАО күштерімен экскаваторды пайдалана отырып, жиналған еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізілуде. ТЖД 30 қызметкері, 5 техникасы және 3 мотопомпасы, ЖАО 4 адамы мен техникасы жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. 22-00-дегі жағдай бойынша судың деңгейі төмендеді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда ағаш ұстаханасы цехындағы өрт сөндірілді
Өзгелердің жаңалығы