Алматы облысы ПД-нің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ішкі істер органынан қуылды
Алматы, BAQ.KZ. Әр жылдары Алматы қаласы мен Алматы облысы Полиция департаментін басқарған Серік Күдебаев ішкі істер органынан шығарылды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Күдебаевтың жұмыстан қуылғанын дүйсенбі күні Қазақстан Ішкі істер министрлігі растаған.
Айта кетсек, 11 сәуірде бас прокуратура Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті және Полиция департаменті ғимараттарын және Алматы әуежайын қараусыз қалдығаны үшін осы орган басшылары күдікті деп танылғанын мәлімдеген.
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы ПД-ін Серік Күдебаев басқарған, жаппай тәртіпсіздіктен кейін оның орнына Арыстанғани Заппаров келген болатын.
Күдебаев Алматы облысы Полиция департаментін екі рет басқарған: 2012 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың қазанына дейін және 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін. Ал, 2013 жылдың қазанынан 2020 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы ПД-нің бастығы болды.