Алматы облысы әкімінің орынбасары ұсталғаны расталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров ұсталды. Бұл туралы Сенат кулуарында Жемқорлыққақ арсы қарсы қызметтің басшысы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады Zakon.kz.

«Алматы облысы әкімінің орынбасары Манзоров мырза расыменде ұсталды. Біз оны растаймыз. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Қазір оның іс-әрекетінің нақты біліктілігі туралы мәселе қаралып жатыр. Яғни, ол Қылмыстық кодекстің қай бабымен айыпталады және оған қандай шара қолданатыны қаралуда», - деді Бектенов.
Сондай-ақ ол, қалған мәлімет жариялауға жатпайтынын жеткізді.

«Білесіздер, тергеу құпиялығы деген бар. Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің өз талаптары бар. Қандайда бір ақпарат болысымен біз бірден БАҚ-қа жеткізетін боламыз», - деді ол.

Еске салсақ, кеше әлеуметтік желіде аталған шенеуніктің ұсталғаны туралы мәлімет тараған еді. Алайда көп ұзамай Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Бағдат Манзоровты іс-сапармен жүргенін айтып, ұсталғаны туралы мәліметті жоққа шығарған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы