Алматы облысы карантинге жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 сәуірден бастап Алматы облысының аумағында шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайлары бар карантин енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Алматы облысында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантин режимі енгізіледі - делінген хабарламада.
Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес келесі шектеулер енгізіледі:
шет мемлекеттерден келген Алматы облысының тұрғындарын;
жүктерді, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдайтын адамдар мен көліктерді қоспағанда, облыс аумағына басқа өңірлерден адамдар мен көліктің кіруіне тыйым салу.
Бұған дейін басқа өңірлерге кеткен Алматы облысының тұрғындары облыс аумағына биылғы 15 сәуір күнгі сағат 00:00-ге дейін кіре алады.
адамдарды тасымалдаумен айналысатын азаматтық әуежайлардың, аудандық, қалалық автовокзалдардың, автостанциялардың қызметін уақытша тоқтату, ресми такси қызметтерін қоспағанда, қалааралық, ауданаралық автобус қатынастарына, сондай-ақ жеке тасымалдауға тыйым салу, ал әскери әуежайларға жолаушылар борттарын қабылдауға тыйым салынады;
азық-түліктік емес мақсаттағы сауда нысандарының, бизнес орталықтарының, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын орындарының, азық-түлік базарларының (ет павильондарынан басқа) және азық-түліктік емес базарлардың жұмысын тоқтата тұру, жәрмеңкелер, көше саудасын болдырмау;
меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін тоқтата тұру;
халықтың көптеп жиналатын орындарына (саябақтар, жағалау, скверлер, спорт алаңдары, үй жанындағы балалар алаңдары) баруға тыйым салу;
діни мақсаттағы объектілердің (мешіттер, шіркеулер, бірлестіктер және т. б.) қызметін тоқтата тұру).