Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы ауысты
Мұрат Мәдіғұлов Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы жылдың 25 қыркүйегінен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Мұрат Бақыткерімұлы Мәдіғұлов облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Мұрат Бақыткерімұлы 1978 жылы туған. Білімі жоғары. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «мал шаруашылығы менеджері», 2006 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін – «есеп және аудит», 2017 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «құқық магистрі» мамандығы бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы «Руби-Роз Агрикол» ЖШС филиалының зоотехнигі болып бастап, кейіннен зоотехниктің көмекшісі еңбек еткен.
Әр жылдары ҚР АШМ Алакөл аудандық аймақтық басқармасының бас маман – мемлекеттік инспекторы, ҚР АШМ Алматы облыстық аумақтық басқармасының жетекші маманы, бас маманы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, облыс әкімі аппаратында бас инспектор, аппарат басшысының орынбасары, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары, Іле ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2021 жылдың наурыз айынан Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметінде еңбек еткен.