Алматы музейлеріне кіру тегін болады

24 қаңтардан бастап мектеп оқушылары үшін Алматы музейлеріне кіру тегін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім еткендей, бұл оқу процесін байытып қана қоймай, балалардың мәдениетке, өнерге және тарихқа деген терең қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. 

Мектеп оқушылары тегін бара алатын музейлердің тізімі мен мекенжайы: 

  • Алматы тарихы музейі 
  • Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі 
  • Д.А. Қонаев музейі 
  • Әдеби-мемориалдық музей кешені: С. Мұқановтың музей-үйі; Ғ. Мүсіреповтің музей-үйі 
  • Тілендиевтің мемориалдық музейі 
  • А.Байтұрсынұлының музей-үйі 
  • Райымбек батыр музей кешені 
  • Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Өзгелердің жаңалығы