Алматы метросындағы дәретханалардың жағдайы нашар

Тұрғындар Алматы метрополитенінің станцияларындағы тегін дәретханалардың жағдайына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Редакцияға шағымын білдірген қала тұрғындары ашылғанына 1,5 жылдай болған «Бауыржан Момышұлы» бекетіндегі тегін дәретханалардың есік, қабырғалары сынып, жағдайы нашар екенін айтты.

Бұлай тұрғанына біраз болды, кемі 2-3 ай. Сапасыз есіктер сынған, жабылмайды. Ал қабырғаның кей бөлігі түсіп жатыр. Әрине, мұны бүлдірген метрополитен қызметкерлері емес, оларға артар кінә жоқ. Бұл жағдай осында келетін жолаушылардың мәдениетсіздігінен болып отыр. Дегенмен, жалпы бұл жер салынған кезде сапасыз материалдар қолданылғаны көрініп тұр. Енді бұл жерді бірыңғай жауып тастамай, жөндеп, қайта қолданысқа берсе дұрыс болар еді. Сондай-ақ алматылықтарды біздің салығымыздан салынған дүниеге ұқыпты қарауға шақырамын, – деді қала тұрғыны Досбол Атажан.

Аталған жағдайға байланысты Алматы метрополитенінің баспасөз қызметіне жолдаған сауалымызға ресми жауап ала алмадық.

Айта кетейік, 2022 жылы 30 мамырда Алматы метросының 10 және 11-бекеттері – «Сарыарқа» мен «Бауыржан Момышұлы» станциялары іске қосылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы