Алматы метросында қызға тиіскен ер адам 5 тәулікке қамалды
Алматы полициясы қоғамдық орындарда жасалған кез келген заңсыз әрекет құқықтық тұрғыдан бағаланатынын және заң бұзған әрбір азаматтың жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
Алматы метросында қызға қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталып, сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желіде жарияланған жазбадан кейін Метрополитендегі полиция басқармасының қызметкерлері жедел тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді.
Жиналған материалдар сотқа жолданып, құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Алматы полициясы қоғамдық орындарда жасалған кез келген заңсыз әрекет құқықтық тұрғыдан бағаланатынын және заң бұзған әрбір азаматтың жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін Treads әлеуметтік желісінде бойжеткен Алматы метросында белгісіз бір ер адамның өзіне «тиіскенін» жазған болатын. Осыдан кейін қыз полицияға шағым түсірген.
- Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй аукционға шығарылды 14:33
- Елімізде 13,5 млн тонна астық бастырылды 14:25
- Қазақстанда кітапхана саласын цифрландыратын LABA платформасы іске қосылды 14:10
- Қазақстан статистикасы ЭЫДҰ сарапшыларын таңғалдырды 13:51
- Астанада «ГАЗель» толық өртеніп кетті: Тағы екі көлік зақымданды 13:29
- Математиктер 90 жыл шеше алмаған есепті OpenAI шешті 13:06
- ADCB Kazakhstan қаржыландыру көлемін 3 есе арттырады 12:45