2 Қаңтар 2025 2025, 18:32
Алматы мен Жетісу облысында 2 балдық жер дүмпуі сезілді
Алматы мен Жетісу облыстарының тұрғындары 2 балдық жер дүмпуін сезінді.
Алматы мен Жетісу облыстарының тұрғындары 2 балдық жер дүмпуін сезінді.
Сейсмологиялык зерттеу институтының сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 17 сағат 13 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 192 шақырым жерде орналасқан. Алматы облысының Шонжы ауылы, Көкпек ауылы, Шелек ауылы; Жетісу облысының Жаркент қаласы, Сарыөзек ауылында 2 балдық жер дүмпуі сезілді.