Алматы мен Жетісу облыстарында коронавирустың таралуы артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, пандемия басталғалы Алматы және Жетісу облыстарында коронавирус жұқтырудың 69 606 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте Қарасай және Іле аудандарында – 3 жағдайдан, Сарқан ауданында – 1 жағдай тіркелген. Екі облыс та «жасыл» аймақта.
Сонымен қатар ол Алматы және Жетісу облыстарында 12 жастан асқан барлық адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу жалғасып жатқанын жеткізді.
Бүгінгі таңда екі өңірде 366 екпе салу орны мен 67 жылжымалы пункт жұмыс істеп тұр. Екі облыстан 1 млн 36 064 адам вакцинаның бірінші дозасын алды, бұл вакцина салдыруға жарамды халықтың 86,4 пайызы. ІІ компонентін 994 501 адам салдырды. Жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында 144 734 Камератти вакцинасының І дозасын алған,-деді Сыдыманов.
Сондай-ақ ол екі облыстың 413 892 азаматы ревакцина алғанын, қазір облыс тұрғындары үшін вакцинаның үш түрі ұсынылып отырғанын атап өтті.
«Сары» аймаққа өткен Алматы қаласы бізге жақын орналасқан, сол себепті тұрғындарды ревакцинациядан өтуге кеңес береміз. Егер эпидемиологиялық ахуал одан ары нашарлайтын болса, мен Алматы облысының бас санитар дәрігері ретінде келесі шектеу шараларын қабылдауға мәжбүр боламын. Ол науқаспен тығыз қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру, Коронавирус вакцинасына қарсы көрсеткіштері бар қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына аукыстыру, жабық нысандар мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу, 10 адамнан асатын форматтағы жиналыстарды онлайн өткізу, сондай-ақ әуе, темір жол тасымалында маска тағу,-деді облыстың бас санитар дәрігері.