Алматы мен Токио арасында әуе рейсі қашан ашылады

Азаматтық авиация комитеті Токиоға рейстерді ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Air Astana және Japan Airlines екі авиакомпанияға 2026 жылдың көктеміне жоспарланған Алматыдан Токиоға жаңа рейсте өз кодтарын орналастыруға мүмкіндік беретін кодшерингтік келісім жасасты.

Бұл құжат іскерлік және туристік сапарлар үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ екі ел арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне ықпал етеді. Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылды.

Маршруттар мен кестелер туралы қосымша ақпарат екі авиакомпанияның билеттерін жоспарлау және сату жүйелерін біріктіргеннен кейін жарияланады.

Біздің Japan Airlines-пен ынтымақтастығымыз халықаралық желімізді кеңейтетін және тұтынушыларымыз үшін көбірек саяхат нүктелерін ұсынатын үлкен шара. Қазақстан мен Жапония арасында жолаушылар үшін тұрақты тікелей әуе қатынасын ұсыну мүмкіндігін асыға күтеміз,- деді Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер.

Air Astana сияқты салмақты серіктеспен ынтымақтастық жасауға қуаныштымыз. Жолаушылар мен жүк тасымалын дамыту арқылы Жапония мен Қазақстан арасындағы 30 жылдан астам дипломатиялық қарым-қатынасты одан әрі жақсартуға жағдай жасаймыз,- деді Japan Airlines компаниялар тобының бас атқарушы директоры Мицуко Тоттори.

Айта кетейік, Japan Airlines - Жапонияның алғашқы жекеменшік әуекомпаниясы, 1951 жылы құрылған және oneworld Альянс мүшесі. Әуекомпанияның паркі 227 ұшақтардаң тұрады (2024 жылдың наурыз айында). Japan Airlines компаниялар тобы және серіктес әуекомпаниялармен бірге әуекомпания 66 елдегі және аймақтағы 384 әуежайға орындалатын кең ішкі және халықаралық желіні ұсынады. 

Әуекомпания ерекше қызметі үшін көптеген марапаттарға ие болды, соның ішінде Skytrax бойынша 5 жұлдызды әуекомпания ретінде танылды және APEX бойынша "Әлемдік деңгейдегі" әуекомпания атағын алды. Әуекомпания ұшу қауіпсіздігі мен жалпы қызмет көрсету сапасының ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы