Бүгiн 2026, 08:32 Фото: pixabay

Алматы мен тағы бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдай болжамы (жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы).

25 мамыр күні Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Мамандар тұрғындарға жол жүруді жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеруге кеңес береді.

Синоптиктердің мәліметінше, 25 мамырда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында ҚМЖ болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы факторларының (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдай болжамы (жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы).

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде мамандар:

– ашық ауада, әсіресе автожолдар мен ластану көздеріне жақын жерлерде ұзақ уақыт болмауға;

– балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартуға;

– өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен алып жүруге;

– ашық ауадағы дене жүктемесін шектеуге кеңес береді.

Сондай-ақ дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу ұсынылады.