Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында доллар сатылмайды

Алматы, BAQ.KZ. Бұған дейін аталған екі қалада шетел валютасын теңгеге ауыстыру іске асырылып келсе, бүгін ақша айырбастау орындары жұмыс істеуін тоқтатты. 

Кurs.kz сайтының мәліметінше, қолында доллары бар алматылықтар мен астаналықтар оны теңгеге ауыстыра алмайды. Өйткені коронавирусқа қарсы қатаңдатылған шараларға байланысты ақша айырбастау орындары жабылған.

Шымкент қаласында америкалық валюта аздап арзандап, 450 теңгені құраған, ал долларды ауыстыру құны 448,5 теңге. 

Ал қостанайлықтарға доллар 450,5 теңгеден сатылуда, долларды ауыстыру 448 теңге.

Кеше KASE Қазақстан қор биржасындағы таңғы сатылымда бір доллар 447,58 теңге тұрған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы