Алматы мен Атыраудағы есірткі зертханалары жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

4 қазан мен 30 қараша аралығында Ішкі істер органдары жаңа психобелсенді заттардың таралуына қарсы әрекет етуге бағытталған «Рефлекс-2021» арнайы өңірлік операциясын өткізді. Республика бойынша арнайы іс-шара кезінде синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына байланысты 303 есірткі қылмысы анықталды, - деді Нұрділдә Ораз.

Ресми өкіл атағандай, оның ішінде 83 өткізу фактісі, аса ірі көлемде сақтаудың 32 фактісі, есірткіні насихаттаудың 25 фактісі, притонды ұйымдастырудың 3 фактісі және контрабанданың 1 фактісі анықталды.

Алматы және Атырау облыстарында екі есірткі зертханасы жойылды, онда 3,5 келіден астам пайдалануға дайын есірткі тәркіленді. Арнайы операция кезінде заңсыз айналымнан барлығы 14,5 килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы