14 Тамыз 2026, 15:37

Алматы мен Алматы облысының бір бөлігі жарықсыз қалды

Алматы қаласы мен Алматы облысының бірқатар аудандарында электр энергиясын тұтынушылар уақытша жарықсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

14 тамыз күні сағат 14:38-де «KEGOC» АҚ-ға тиесілі 500 кВ кернеулі Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апатты түрде ажырауы салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматты қорғаныс жүйелері (САОН, АЖЖ) іске қосылды. Компанияның мәліметінше, апатқа қарсы автоматика жұмысының салдарынан ажыратылған электр жүктемесінің көлемі 300 МВт болған.

Алматы облысында электр қуаты төмендегі аудандарда өшкен:

Жамбыл ауданы;

Балқаш ауданы;

Есік ауданы;

Қарасай ауданы;

Шелек ауданы;

Райымбек ауданы;

Ұйғыр ауданы;

Іле ауданы;

Кеген ауданы;

Талғар ауданы.

Ал Алматы қаласында жарықтың өшуі мына аудандарда тіркелді:

Бостандық ауданы;

Наурызбай ауданы;

Әуезов ауданы;

Алатау ауданы.

Қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары тұтынушыларды қайта электрмен жабдықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Компания электр энергиясын қалпына келтіру үшін қажетті шаралардың қолға алынғанын хабарлады.