23 Қаңтар 2024 2024, 08:29
Фото: Архив BAQ.KZ
Алматы мектептерінде сабақ болмайды
Алматыда бірінші ауысымдағы оқитындар үшін сабақтар болмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыда бірінші ауысымдағы оқитындар үшін сабақтар болмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлімдеді. Оған мегаполистегі білім ордаларында қабылдау пункттерінің жұмыс істеуі себеп болған.
Қала мектептері мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеуіне байланысты, 23 қаңтар күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды, - деп түсіндірді басқармадан.
Ал балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді. Балаларды әкелу - ата-аналардың қалауы бойынша жүзеге асырылады.