Алматы мектептерінде 300 мың оқушы білім алады

Тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 16,5 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мәлімдеді.

Қалада 308 519 оқушы жаңа оқу жылын бастайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 мыңға көп. Алматыда барлығы 337 мектеп бар, оның 215-і мемлекеттік және 122-сі жекеменшік. Биыл барлығы 28 144 бала бірінші сыныпқа барғалы отыр,- деді Әсем Нүсіпова.

Қала әкімінің орынбасары тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінгенін айтты.

Биыл ХӘОТ санатындағы 1-4 сынып балалары мен 5-11 сынып балаларын тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 16,5 млрд теңге қарастырылған. 133 мыңнан астам оқушыны қамту жоспарланған. Тамақтану құны орта есеппен 840 теңге, бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш, - деді қала әкімінің орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы