Алматы мектептерінде 1 қыркүйекте салтанатты жиындар өтетін болды

Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар 1 қыркүйекте қаладағы барлық мектепте өтеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.

Білім күні 1 қыркүйекте 1-сынып оқушыларының қатысуымен «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты іс-шара түрінде өткізіледі. 2 қыркүйекте бірінші сабақта 2-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында дәстүрлі сынып сағаты өтеді, одан кейін сабақтар кесте бойынша жалғасады, - деді Алматы қаласының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы