Алматы мәслихатында қала көшелерінің атауын өзгерту жайлы шешім қабылданды

Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар қаланың бірнеше көшесінің атауын өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.


Юрий Гагарин даңғылының бір бөлігін Ермек Серкебаевтың атына өзгерту ұсынылды. Сондай-ақ Юбилейная көшесін Владимир Толоконников есімімен атау ұсынылды. Түрксіб ауданындағы “Жас қанат” ықшамауданындағы бесінші көшені Ескендір Хасанғалиевтің есімімен атау ұсынылды. Ал ел аузында “Кіші Мира” деп аталып кеткен көшеге Юрий Померанцевтің есімін беру ұсынылды.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың айтуынша, ашық НҚА сайтындағы Гагарин даңғылының бір бөлігін қайта атау туралы ұсынысты пайдаланушылардың 88%, ал басқа көшелерді қайта атауды 98% қолдады.

Сондай-ақ Гагарин даңғылының бір бөлігі Алматы деп өзгертіледі. Бұл мәслихаттың жабық сессиясында шешілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы