Депутат жастар арасында нашақорлыққа қарсы қандай іс-шара жүргізетіндерін айтты

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Мәслихат депутаты жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес мәселесіне қатысты азаматтардың өтініші бойынша қаланы аралап шықты.

Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Константин Авершин жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша мегаполистің сегіз ауданын аралап, есірткі заттары жарнамаланған орындарды көріп шықты.

Бұл мәселе қалалық Мәслихат депутаттарымен белсенді қаралуда. Жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары әзірленуде. Дистрибьюторларға келетін болсақ, интернетте есірткі туралы ұсыныстарды орналастыратындардың бәрі және әлеуметтік желілер арқылы есірткіні сататын және арнайы жерге апаратын, яғни "трафареттерді" көрсететіндер де кіреді. Олар мұны негізінен тұрғын үйлердің кіреберістерінде жасайды немесе ғимараттарға сурет салады, қала бойынша қоршауларға шартты белгілер қалдырады. Барлық аудандарда осы мәселе бойынша тұрғындардың шағымдары мен өтініштері жұмысқа қабылданды, - дейді депутат.

Депутат атап өткендей, жастар арасындағы жаңа тренд – бұл есірткіні электронды ақпараттық ресурстар арқылы тарату.

Бірінші кезеңде біз сауалнама жүргізу арқылы жасөспірімдердің есірткінің зияны мен оның таралуы туралы пікір талдау жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл сауалнамада жастар арасындағы нашақорлық мәселелеріне байланысты 10 сұрақ болады. Сауалнамаға 15-18 жас аралығындағы 1000 қазақстандық жасөспірім қатысады. Бұл іс-шара "Дені сау ұлт" қалалық акциясы аясында өтеді. Зерттеу нәтижелері 1 сәуірде жарияланады, - дейді Константин Авершин.

Іс-шара барысында Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Константин Авершин барлық қазақстандық жасөспірімдерді «Дені сау ұлт» қалалық акциясына қатысуға шақырды. Акция 15 наурызда бастап 1 сәуірге дейін жалғасады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы