8 Мамыр 2025 2025, 11:49
Фото: - архив
Алматы маңындағы теміржолда ер адамның денесі табылды
Жүк пойызының машинисі теміржолда жатқан ер адамның дыбыстық сигналдарға жауап бермегендіктен пойызды тежеген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жүк пойызының машинисі теміржолда жатқан ер адамның дыбыстық сигналдарға жауап бермегендіктен пойызды тежеген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ер адамның денесі 7 мамыр күні Қайрат — Байсерке теміржол өткелінде табылған.
Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай 49 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр,- деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.