Алматы маңындағы тауда аяғы мен қолы сынған турист құтқарылды
Кеше кешке шатқалда зардап шеккен адам туралы хабарлама келіп түсті. Іле Алатауының Башут шыңында құлаған 21 жастағы ер адамға көмек қажет болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына келген ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары туриске алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін альпинистік жабдықтар мен зембілдің көмегімен зардап шеккен адам 3400 метр биіктіктен эвакуацияланып, жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайда бір қаланы су шайып кетті
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы