6 Қыркүйек 2026, 17:50
Фото: istockphoto.com
Алматы маңындағы тауда 2600 метр биіктікте турист әйел аяғын жарақаттап алды
Әйел аяғын жарақаттап, өздігінен жүре алмай қалған.
Түнгі уақытта тауға шыққан турист әйел жарақат алып, оны құтқарушылар эвакуациялауға мәжбүр болды.
2600 метр биіктікте әйел аяғын қайырып алып, әрі қарай өздігінен жүре алмаған.
Оқиға Қарасай ауданындағы «Терра» алаңы маңында болған. Әйелге көмекке Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары барды.