Алматы маңында жүк пойызы мен автокөлік соқтығысты

Оқиға Қарасай ауданы Жармұхамбет ауылындағы теміржол өткелінде болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция Департаментінің Баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

IVECO автокөлігі мен жүк пойыздың соқтығысуы Қарасай ауданы Жармұхамбет ауылындағы теміржол өткелінде орын алды. Автокөлікке механикалық зақым келтірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жол ережесін бұзғаны үшін IVECO жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деді Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Алматы облысында кондуктор автобустан құлап, көз жұмғанын жазған едік. Оқиға Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен жүретін қоғамдық көліктің бірінде болған.  Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасаған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы