Алматы маңында жолаушылар автобусы мен көлік соқтығысты: Бір адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды
Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі болғандай, 24 жастағы Chevrolet Nexia жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол сәтте жеңіл көлік жолаушылар автобусы мен сол бағытта келе жатқан Chery Tiggo автокөліктеріне соқтығысқан.
Оқиға орнында Chevrolet жүргізушісі алған жарақатынан қаза тапты. Екі жолаушысы мен Chery жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс тіркеліп, апаттың барлық мән-жайын анықталуда.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы жол апатынан екі адам қаза тапты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы