Алматы маңында жол апатынан 4 адам қаза тапты
27 маусымға қараған түні Алматы маңында ірі жол апаты орын алды. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Lada автокөлігі Үлкен Алматы каналының жолымен Бесағаш ауылының бойымен батыс бағытта бет алған. Әзірге белгісіз жағдайларға байланысты көлік жолдан шығып, кюветке өтіп кетіп, ағашқа соғылған. Артынша түгі қалмай жанып кеткен.
Өтіп бара жатқан куәгерлер зардап шеккендерді көліктен кезек-кезек шығарып, көмек көрсеткен. Алайда, бір жолаушыны шығару мүмкін болмаған. Ол көлікте жанып кетті.
Оқиға орнында жатқан өрт сөндіргіштерге қарағанда, куәгерлер өртті өз бетінше сөндіруге тырысқан. Дегенмен жалынды толығымен өрт сөндірушілер ғана сөндіре алды.
Жол - көлік оқиғасы салдарынан 2002 және 2003 жылы туған төрт жігіт сол жерде қайтыс болды. Бесіншісі облыстық ауруханаға шұғыл жатқызылды. Оның жағдайы өте ауыр. Ол туралы басқа ақпарат әлі жоқ.
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, анықтаушы, криминалист жұмыс істеуде.
Көліктің өзі түгі қалмай жанып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, қатты соққының әсерінен оның қозғалтқышы жыртылған тәрізді.