Алматы маңында жер сілкінісі болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 24 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 6 сағат 04 мин 33 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.4. MPV магнитудасы –4.2. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түспеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы